Текстиль нанотехнологиясы

Білім саласы
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Дайындық бағыты
6B072 Өндірістік және өңдеу салалары

Білім беру бағдарламаларының тобы
B070 Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары

БББ мақсаты

Текстиль өнеркәсібіне нанотехнологияларды әзірлеуге, зерттеуге және енгізуге қабілетті білікті мамандарды даярлау

Қалыптасатын оқыту нәтижелері

  • Экономика, кәсіпкерлік, құқық негіздері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және экожүйелер мен қоғамның тұрақты даму принциптері туралы білімін кәсіби қызметте қолданады;
  • Нанотекстиль өндірісі технологиясын оңтайландыру үшін жаратылыстану ғылымдары және инженерия туралы білімін, сондай-ақ микроскопиялық және скептроскопиялық зерттеу әдістерін қолданады;
  • Инновациялық текстиль материалдары өндірісі технологиясын жетілдіру үшін нанотехнологияның химиялық процестерінің күрделі тәуелділіктері теориясы туралы ұғымын, білімін қолданады;
  • Қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкес текстиль өнеркәсібінде технологиялық жабдықтардың түрлерін тиімді пайдаланады;
  • Инновациялық текстиль материалдары өндірісінің технологиялық процестерін ұйымдастырады;
  • Нормативтік құжаттар талаптары бойынша наноматериалдардың сапасын бақылауды жүзеге асырады;
  • Инновациялық текстиль материалдар өндірісі бойынша текстиль өнеркәсібі кәсіпорындарын жобалауға және реконструкциялауға қатысады;
  • Наноматериалдар әзірлеу саласындағы зерттеудің заманауи әдістерін қолданады, ақпаратты жинауды және интерпретациялауды жүзеге асырады;
  • Текстиль өнеркәсібінің өндірістік процестерін жетілдіру үшін биотехнологияларды қолданады;
  • Перспективті композициялық текстиль материалдарын әзірлеу үшін нанохимия және нанотехнология саласындағы білімін қолданады

Кәсіби қызмет саласы (сферасы)

Шикізатты, материалдарды өңдеу және  қайта өңдеу, жартылай фабрикаттар мен Текстиль өнеркәсібінің бұйымдарын жобалау, алу, тұтынушының талаптарын, оның ішкі мүмкіндіктері мен салалық ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіпорынның нарықтағы тиімді қызметін ұйымдастыру.Химиялық өңдеудің технологиялық процестерін басқару саласында талшықты материалдарды колористикалық безендіру мен әрлеудің инновациялық технологияларын әзірлеу және жаңғырту және зиянды әсерлердің әсерінен қорғаныш қасиеттері бар материалдарды жасау үшін нано - және биотехнологияларды қолдану.

Кәсіби қызмет түрлері

өндірістік-технологиялық:

  • жабдықтың оңтайлы және ұтымды технологиялық режимдерін анықтау;
  • шикізат, энергетика және басқа да ресурстар түрлерін ұтымды пайдалану;
  • инновациялық текстиль материалдарын өндірудің технологиялық жабдықтары мен технологиялық процестерін автоматтандыру құралдарын пайдалану және жөндеу;

ұйымдық-басқарушылық:

  • стандарттар талаптарына сай өнім шығаруды қамтамасыз ететін инновациялық текстиль материалдарын өндірудің қолданыстағы технологиялық процестерін басқару;
  • қолданыстағы өндіріс жағдайында технологиялық тәртіпті сақтау үшін техникалық бақылауды, техникалық құжаттаманы әзірлеуді жүзеге асыру;

эксперименттік-зерттеу:

  • экспериментті жоспарлаудың заманауи әдістерін, есептеу техникасы құралдарын пайдалана отырып, текстиль материалдарын өндірудің нано-, биотехнологиясы саласындағы теориялық және эксперименттік зерттеулер;

жобалық:

  • механикалық-технологиялық, эстетикалық, экономикалық параметрлерді ескере отырып және өндірісті басқару процесінде текстиль бұйымдарының жобаларын әзірлеу кезіндегі экономикалық-математикалық әдістер.

Кәсіби қызмет объектілері

өсімдік және жануар текті талшықтар (мақта, зығыр, жібек, жүн, қарасора, кенаф және т.б.), Химиялық талшықтар, жіптер, маталар, трикотаж, беймата текстиль материалдары; оларды өндірудің технологиялық процестері; текстиль материалдары мен бұйымдарының сапасын сынау және бақылау әдістері мен құралдары және тауар нарықтары.

Оқыту бағытына лицензия нөмірі

03.02.2010 ж., АБ 0137401, ҚР БҒМ 28.03.2019 ж. №299 бұйрығы

Жүктеу файлдары

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
9:00-ден 18:00-ге дейін байланыстамыз